Украина Ресейдің әскери өндірістеріне шабуылын жалғастырып жатыр. Харьковке жасалған шабуылдан 10 маусымда екі адам қаза тауып, 60 шақты адам жараланды. Германияның сыртқы барлау қызметінің басшысы «Ресейдің келесі көздегені Эстония болуы мүмкін» деп болжайды.
Украина дрондары Ресейдің тоғыз аймағына шабуыл жасап, Ресей тарабы 12 қаласында әуе қозғалысын шектеуге мәжбүр болды. 9-10 маусымда Ресей дрондары Киевте тұрғын үйлер мен Одессада презентхана мен жедел жәрдем станциясын атқылады.
Сумыда Ресейдің жаяу әскерінің қатары көбейді. Бірақ ол жерді қорғап жатқан Украина сарбаздары соңын дейін шайқасатындарына сенімді. Ресми Киев 2 маусымда Стамбұлда өтуі тиіс Ресей-Украина келіссөзінің екінші раундына қатысатыны туралы мәлімдеме жасамады.
АҚШ президенті әлеумттік желіде тағы да Ресей президенті Владимир Путинді сынап, «ол отпен ойнап отыр» деді. Путин бұған жауап берген жоқ. Бірақ Ресейдің қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев реакция білдіріп, «үшінші дүниежүзілік соғыс» туралы ескерту жасады.
Ресей соққыларына Украина тарабы жауап беріп жатыр. 26 мамыр түнде Ресейдің Белгород және Воронеж облыстарына дрондар шабуылы үдеп, Мәскеу де зымырандардан қорғанысты күшейтті. Кремль Дональд Трамптың Владимир Путинге айтқан сынын «эмоциялық қажу» дейді.
Сенбіден бері Украинаның астанасы Киев пен басқа бірнеше қаласы Ресей дрондары шабуылының астында қалды. Соғыс басталғалы болған бұл ауқымды шабуылды АҚШ президенті Дональд Трамп «Путин есінен ауысты» деп сынады. Ресей мен Украина арасында 1000-ға 1000 формуласы бойынша тұтқын алмасу аяқталды.
20 мамырдан бері Украина әскері Ресей аумағын толассыз шабуылдап жатыр. Кейінгі екі тәуліктегі Мәскеуге жасалған шабуылдардан соң Кремль маңына арнайы әскери техника тартылды. Ресей президенті Владимир Путин Украина шекарасына жақын жерде буферлік аймақ құру туралы шешім қабылданғанын мәлімдеді.
Мәскеуге екінші күн қатарынан дрондар шабуылдады. "Росавиация" Мәскеу аспанын уақытша жапты. Киевте дрондар мектеп аумағына құлап, Харьковке де дрондар шабуылы үдеді. Батыс басылымдарының жазуынша, АҚШ президені Дональд Трамп «Путин соғысты тоқтатқысы жоқ» деген. Соғыстағы ахуал. 22 мамыр.
Соғысты тоқтату туралы келіссөздің ұзап кеткеніне АҚШ сенаторлары наразы. Олар «Трамп Путиннің ойыншығына айналды» деп сынады. Соғысты тоқтату, өзара келісім мен меморандум туралы әңгімелер жиі айтылғанмен екі тараптың бір-біріне шабуылы үдеп барады.
19 мамырда АҚШ президенті Дональд Трамп Украина президенті Владимир Зеленскиймен және Ресей президенті Владимир Путинмен сөйлесті. Телефон қоңырауларында не айтылды?
АҚШ президенті Трамп Украина басшысы Владимир Зеленский және Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлеспек. ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов келіссөз жайлы айтты. Ресей делегациясы Стамбұлдағы келіссөзде Украинадан төрт облысты беруді талап еткен.
Еуропа елдері Брюссельде бас қосып, соғыс аяқталған соң Украинаға әскер жіберу мәселесін талқылады. Трамптың өкілі Стив Уиткофф Ресейге келді. Ресей Непал, Куба, Үндістаннан адамдарды соғысқа арбаған.
Украина президенті Владимир Зеленский майдан даласында Ресей жағында соғысқан қытай азаматтары ұсталғанын мәлімдеді. Бұған АҚШ алаңдаушылық білдірді. Ресей жаңа жерлерді басып алуға ауқымды жорық бастағаны хабарланды.
Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің Белгород облысында соғыс жүргізіп жатқанын ресми мәлімдеді. Кривой Рог қаласындағы балалар ойын алаңына зымыран түскеннен кейін Украина Біріккен ұлттар ұйымының қауіпсіздік кеңесін шұғыл отырысын өткізуді сұрады.
Ресей Украинаның Кривой Рог қаласына ауыр соққы жасап, 20 адам қаза тапты, олардың тоғызы бала. Ресей әскерилерге шабуылдадық дейді. Украина жоққа шығарады. Кремль осы аптада Украина мен АҚШ арасында жаңа келісссөз болады дейді.
Чехия астанасы Прагада екі жылдан бері Chess Queen деп аталатын шахмат мектебі жұмыс істейді. Оның негізін қалаған – Жазира Сұраубай есімді қазақстандық бойжеткен. Мектептегі бапкерлер де – қазақ жастары.
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары Еуропадағы еврей ұлтының өкілдері мен Совет одағы әскері қатарынан тұтқынға түскендерді газ камерасында тұншықтырып, кейін мүрдесін өртеп отырған Аушвиц (Освенцим) концлагерінің жабылғанына биыл 80 жыл.
Украинаның Курск облысындағы шабуылы жалғасып жатыр. Франция президенті Макрон соғысқа байланысты Трампқа қайырылды. Францияда жаттыққан украиналық әскерилер жаттығу базасынан қашқан.
Ақтөбеде тұратын Бақытхан Жанша студент кезінде 1986 жылы желтоқсанда Алматы орталығында наразылыққа қатысқан. Әйел Желтоқсан қатысушысы екенін сот арқылы таяуда ғана, 38 жылдан кейін дәлелдеп отыр. Бұған дейін «дәлел жоқ» арызын мақұлдамай келген.
10 желтоқсан – адам құқығы күні. Маржан Аспандиярова, Макс Боқай, Ғалым Ағелеуов жеке тәжірибесіне сүйеніп, Қазақстанда құқық қорғаушы болудың қиындығы қандай, елдегі адам құқығы ахуалы қалай деген сұраққа жауап берді.
Тағы